Black Tea Nourishing Scalp Shampoo
Black Tea сусабыны сезімтал бас терісіне күтім жасауға арналған және шаштың түсуіне қарсы әсер етеді. Өнім бас терісін тыныштандырады және тітіркенуді жояды. Құрамында гиалурон қышқылы бар ылғалдандырғыш капсулалар, қара шай биомасынан және вегандық сүттен алынған қоректік заттар бар. Құлпынай экстракты бас терісін дәрумендер мен минералдарға байытып, шашты түбінен ұшына дейін нығайтады, құрылымын жақсартып, қалпына келтіруге ықпал етеді. Тұт пен барбарис экстрактары бас терісін тазартып, тітіркенуді азайтады және шаш фолликулдарын нығайтады. Сондай-ақ формула аминқышқылдары мен протеиндерге байытылған, олар әлсіреген шашты күшейтіп, құрылымын қалпына келтіреді және сынғыштықтың алдын алады. Жиі қолдануға өте қолайлы, тазалық, сергектік және жеңілдік сезімін сыйлайды, ал қара шайдың хош иісі жайлылық беріп, жылы естеліктерді оятады.
Негізгі ноталар: қара шай, ветивер, бергамот, балқарағай.
Black Tea Nourishing Scalp Treatment
Black Tea маскасы шашқа терең күтім жасауға, қалпына келтіруге және нығайтуға арналған. Құрамы қара шай биомасына негізделген, ол бас терісінің қорғаныш қабатын қолдап, шашты түбінен нығайтады. Құрамындағы вегандық сүт кешені бас терісін ылғалдандырып, нәрлендіреді, құрғақтық пен тітіркенудің алдын алады. Барбарис пен хауттюйния экстрактары бас терісін тыныштандырып, шаш фолликулдарын нығайтады және жаңа шаш өсуін ынталандырады. Тұт пен жасыл шай экстрактары шашты дәрумендер мен антиоксиданттарға байытып, құрылымын нығайтады, жұмсақтық пен жібектей тегістік береді. Маска құрамындағы аминқышқылдары мен протеиндер зақымдалған шашты қалпына келтіруге, түбінен ұшына дейін нығайтуға және сынғыштықтан қорғауға көмектеседі. Жеңіл текстурасы шашқа оңай таралып, терең нәрлендіру мен жағымды сергектік сезімін сыйлайды.
Негізгі ноталар: қара шай, ветивер, бергамот, балқарағай.
Көлемі: 2*5 мл
Құрамы:
Black Tea Nourishing Scalp Shampoo
Дамаск раушан гүлі суы, тазартылған су, дисодиум лаурет сульфосукцинат, лаурил гидрокси сультайн, лаурил глюкозид, кокомид мipa, хош иіс, глицерин, натрий лауроил метил амино пропионат, 1,2-гександиол, метил пропандиол, поликватерниум-10, каприлгликоль, лимон қышқылы, поликватерниум-22, этилгексилглицерин, дисодиум ЭДТА, натрий хлориді, гидролизденген гардения экстракты, пропандиол, мальтодекстрин, бұршақ пептиді, гидролизденген өсімдік протеині, дипропиленгликоль, керамид NP, арган дәні майы, камелия дәні майы, гидрогенделген лецитин, теңіз шырғанағы жеміс майы, итмұрын жеміс майы, глицерил стеарат, холестерин, керамид AS, керамид AP, керамид NS, дамаск раушан гүлі майы, керамид IOP, линалоол, гидроксицитронеллал, лимонен, альфа-изометил ионон, цитронеллол.
Black Tea Nourishing Scalp Treatment
Тазартылған су, қара шай экстракты, лактобактерия ферменттелген фильтрат, ашытқы фермент экстракты, глицерин, цетил спирті, стеарил спирті, цетил этилгексаноат, хош иіс, дипальмитоилэтил димониум хлорид, брасикаамидопропил диметиламин, каприл/каприк триглицерид, глутамин қышқылы, цетеарил спирті, 1,2-гександиол, ментол, натрий бензоаты, декспантенол, поликватерниум-67, салицил қышқылы, каприлгликоль, қара шай жапырағы ұнтағы, ниацинамид, дисодиум эдта, мальт экстракты, миристил спирті, хоуйтуйния экстракты, бутиленгликоль, лактобактерия/соя сүті ферменттелген фильтрат, сұлы ұнтағы экстракты, күріш экстракты, тәтті бадам экстракты, аргинин, болгар тәтті шөбі тамыры экстракты, жағажай құлпынай экстракты, годжи жидегі экстракты, қара тұт жемісі экстракты, гидролизденген бидай протеині, пропандиол, этилгексилглицерин, линалоол, эвгенол.
Қолдану әдісі:
Black Tea Nourishing Scalp Shampoo
Қажетті мөлшердегі сусабынды алып, бас терісіне және шашқа абайлап массаж жасаңыз. Содан кейін жылы сумен мұқият шайыңыз.
Black Tea Nourishing Scalp Treatment
Басты жуғаннан кейін қажетті мөлшердегі құралды шашқа және бас терісіне біркелкі жағыңыз. 2–3 минуттан соң жылы сумен мұқият шайыңыз.