logo

Парфюмерлік мист Shower Time

anillO

Сипаттама
Құрамы
Қолдану тәсілі

Табиғи өсімдік ингредиенттері мен гиалурон қышқылдары кешені бар парфюмді мист теріні жабысқақтықсыз қарқынды ылғалдандырады. Құрамындағы агава мен шалфей экстрактары теріні тыныштандырады, ал көкнәргүл (василек) экстракты минералдармен, ақуыздармен және май қышқылдарымен қанықтырады. Құрал құрғақ дене терісіне нәзік күтім жасап, оны күні бойы қайталанбас хош иіспен орайды.

Аромат:
Жаңа піскен лалагүлдің нәзік иісі бұрыш, ладан және балқарағай ноталарымен үйлесіп, жұмбақ әрі ащы-ағашты шлейф қалыптастырады.
Негізгі ноталар: лалагүл, бұрыш, ладан, балқарағай.

 

Көлемі:​ 100 мл

Құрамы: Денатурацияланған спирт, су, хош иіс, гидрогенделген кастор майы peg-PEG-60, бутиленгликоль, 1,2-гександиол, этилгексилглицерин, мальтодекстрин, гидролизденген флорид гардениясының сығындысы, көгілдір агава жапырақтарының сығындысы, дәрілік огуречник сығындысы, дәріханалық түймедақ гүлінің сығындысы, көк василек гүлінің сығындысы, шығыс гиацинт өркендерінің сығындысы, жіңішке жапырақты лаванда гүлінің сығындысы, мускат шалфейінің сығындысы, натрий гиалуронаты, гидролизденген гиалурон қышқылы, ацетилденген натрий гиалуронаты, гидроксицитронеллаль, гераниол, линалоол, эвгенол, лимонен.

Қолдану әдісі: Душтан кейін немесе күн бойы таза дене терісіне бүркіңіз. Құралды парфюм орнына да қолдануға болады. Ароматтың ұзақ сақталуы үшін Shower Time желісінің басқа өнімдерімен бірге қолдану ұсынылады.