logo

Қол мен денеге арналған гель Shower Time

anillO

Сипаттама
Құрамы
Қолдану тәсілі

Вегандық формула теріні жұмсақ әрі тиімді тазартып, оның оптималды pH-балансын сақтайды. Құрамында сульфаттар, парабендер мен силикондар жоқ, сондықтан сезімтал теріге де жарамды. Табиғи ингредиенттермен байытылған бірегей формула теріні тиімді тазартып, тыныштандырады және оны нәзік, тегіс әрі барқыттай етеді. Гиалурон қышқылы теріні терең ылғалдандырады, агава мен шалфей экстрактары тыныштандырады, ал көкнәргүл (василек) экстракты минералдармен, ақуыздармен және май қышқылдарымен қанықтырады. Shower Time хош иісті қол мен денеге арналған гелі теріңізге күтім жасап, күні бойы сергектік сезімін сыйлайды.

Аромат:
Мұңды әрі нәзік лалагүлдің хош иісі бұрыш, ладан және балқарағай ноталарымен үйлесіп, жұмбақ әрі ащы-ағашты шлейф қалыптастырады.
Негізгі ноталар: лалагүл, бұрыш, ладан, балқарағай.

 

 

 

Көлемі:​ 450 мл

Құрамы: Тазартылған су, натрий С14-16 олефин сульфонаты, хош иіс, лаурил бетаин, глицерин, натрий хлориді, гексадецен, тетрадецен, пропиленгликоль лаурат, дипропиленгликоль, 1,2-гександиол, гидроксиацетофенон, лимон қышқылы, поликватерниум-10, динатрий EDTA, этилгексилглицерин, мальтодекстрин, гидролизденген жапон коптис сығындысы, трометамин, көгілдір агава жапырақтарының сығындысы, бутиленгликоль, дәрілік огуречник сығындысы, дәріханалық түймедақ гүлінің сығындысы, көк василек гүлінің сығындысы, шығыс гиацинт өркендерінің сығындысы, жіңішке жапырақты лаванда гүлінің сығындысы, мускат шалфейінің сығындысы, натрий гиалуронаты, гидролизденген гиалурон қышқылы, ацетилденген натрий гиалуронаты, гидроксицитронеллаль, гераниол, линалоол.

Қолдану әдісі: Аз мөлшердегі гельді дымқыл қол немесе дене терісіне жағып, көбік шығарыңыз да, жылы сумен шайыңыз. Максималды әсер үшін Shower Time желісінің басқа өнімдерімен бірге қолдану ұсынылады.